«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері жыл басынан бері 69 рет іссапарға шығып, бас-аяғы 33 нысанға инспекциялық тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, жол-құрылыс материалдарының 177 данасынан сынама алынған. Ал, оның ішінде 56 данасы сынақтан өткізілсе, 6 дана нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі анықталған.
– Инспекциялық шығу кезінде жалпы 49 ақау анықталып, тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарға тиісті ақпарат хат жүзінде ресми жіберілді. Қызметтің екінші түрі – жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған құжаттамасына ведомстволық сараптама жүргізу. Сәуір айында 6 жобаға өтінім қабылданды, – дейді өңірлік филиалдың сапа және есеп бөлімінің басшысы Мадияр Мырзалимов.