Жол сапасы назардан тыс қалған емес

95

Ел қазынасынан қыруар қаржы бөлінсе де, біздің мемлекетімізде жол мәселесі әлі күнге түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Ал, жыл сайын көлігіне салық төлеп, жолдардың жөнделуіне өз қалтасынан аз да болса үлес қосатын жүргізушілер қара жолдың сапалы болғандығын қалайтыны белгілі. Десе де, жол-құрылыс саласында әлі күнге дейін бірқатар кемшіліктер мен заңбұзушылықтар тыйылмай тұр.

Мәселен, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері есепті кезеңде жол-құрылыс материалдарының мыңдаған данасынан үлгі алып, оның кейбірінің нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі анықтаған. Бүгінгі таңда барлық анықталған кемшіліктер бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарына бас-аяғы тиісті хат жолданған. Жолшылар мұндағы негізгі мәселе асфальт-бетон жамылғысын нашар нығыздауына байланысты болып отырғанын жеткізді.

– Жыл басынан біздің ескертулеріміз бен материал жарамсыздығы бойынша қайта құру жұмыстары 67575 мың теңгені құрады. Оның ішінде, республикалық жолдарда – 12398, жергілікті жолдарда – 55177 мың теңге. Айта кететін жайт, 266 дананың басым бөлігі сынақтан тығыздау коэффиценті өтпеген. Бұл жерде мердігер ұйымының жұмыстан «үнемдеуі» көрініп тұр. Бір сөзбен айтқанда, кейбір мердігерлер асфальтбетон жамылғысын нашар тығыздаған. Шынтуайтында, мердігер компаниялар жұмыстың сапасына көп көңіл бөліп, асфальтбетон жабынын орнату технологиясын қатаң сақтауы қажет, – дейді Тойшыбай Әлиахметов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.