«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» — кәсіби мамандар ұжымы

107

2019 жылы құрылған «Жол активтері сапасының ұлттық орталығына» биыл 5 жыл толып отыр. Бұл кезеңде аталған орталықтың өңір-өңірлердегі филиалдарының қызметкерлері нәтижелі жұмыс істеп, кездескен кедергілерді еңсеруге күш салып келеді. Жолшылар қара жолдағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, құзырлы мекемелер мен мердігер ұйымдарға тиісті хат жолдайды.

Бүгінгі таңда облыстық филиалды осы салада қырық жылдан астам тәжірибесі бар, майталман маман Мырзахмет Ибрагимов басқарады. Ал, берекесі мол ұжымда бас-аяғы 19 адам жемісті еңбек етуде. Жалпы, әрбір адамның өз мамандығына деген құштарлығы – адал жүрек, ақ ниеттің дәнекерлігі екені анық. Өйткені өз бойыңыздағы талантты тани білу, сол арқылы болашақта қалың жұртшылыққа қалтқысыз қызмет ету – тағдырына сергек қарайтындардың ұлы ісі. Ал, Мырзахмет Қраубекұлы басшылық ететін өңірлік филиалда мұндай жандарды көптеп кездестіруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.