Жітіқарада болған өртте 5 бала қаза тапты

41

Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртеніп, салдарынан бес бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан шатыры опырылып түскен.

Оқиға орнына 7 минут ішінде құтқарушылар келіп жеткенше, үй толығымен отқа оранған. Өрт сөндірушілер тез арада өртті сөндіріп, үйінділерді тазартуға кіріскен.

Сағат 06:08-де өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.

Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылғы кәмелетке толмаған балалар болған.

Өкінішке қарай үйінділерді тазарту барысында бес баланың денесі табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген.

фото осы сайттан алынды

Leave A Reply

Your email address will not be published.