ЖИДЕЛІДЕ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

182
Кейінгі жылдары еліміздің денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамып, оған мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек те артып келеді. Әсіресе, ауылдық жердегі медициналық нысандар саны арта түсуде.
Бүгін ауданымыздағы Жиделі стансасында ашылған дәрігерлік амбулатория соның айқын дәлелі екені сөзсіз. 5 келушіге арналған нысанның құрылысы күні кеше толық аяқталып, бүгін ел игілігіне беріліп отыр. Осыған орай, аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, салтанатты шараның куәсі болды. Тұрғындарды су жаңа медициналық нысанның ашылуымен құттықтап, ондағы ақ халатты абзал жандардың жұмысына сәттілік тіледі.
Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріміз де өздерінің ақжарма тілектерін жеткізді. Соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған нысанға мердігер компания тарапынан қосымша медициналық құралдар сыйға берілді. Өз кезегінде ауыл тұрғындары да мердігерге сапалы соғылған нысан үшін ризашылықтарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.