Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды

207

Шетелдіктер мен олардың елордадағы сыбайласы қамауға алынды

Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды

Жетісу облысы Ескелді ауданында полиция прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананы анықтап, жойды.

ҚР ІІМ мәліметінше, екі шетелдік Қазақстанға өз «қамқоршысының» тапсырмасымен заңсыз өндіріс ұйымдастыру үшін келген.

“Тінту барысында есірткі дайындайтын жабдықтар, 6,4 келіден астам мефедрон және синтетикалық есірткі дайындауға арналған прекурсорлардың қалдықтары бар 200 литрлік реактор тәркіленді,” – делінген хабарламада.

Шетелдіктер мен олардың елордадағы сыбайласы қамауға алынды. Қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау шаралары жалғасуда.

фото: Sputnik / Владислав Воднев

https://turkystan.kz/article/253590-zhetisu-oblysynda-esirtki-zertkhanasy-zhoiyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.