Жетісу облысында 63 жастағы зейнеткер өз ұлын өлтірген

101

Жетісу облысында 63 жастағы зейнеткер өз ұлын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 28 қыркүйекте Кербұлақ ауданында шалғай жерде орналасқан шаруа қожалығында жас жігіттің мәйіті табылған. Оған зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппен 63 жастағы ер адам қамауға алынды.

 «Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан басында алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған», — деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясы.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

https://turkystan.kz/article/234174-zhoo-o-ytushylaryny-zhala-ysy-sti

Leave A Reply

Your email address will not be published.