ЖЕРЛЕСІМІЗ КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ

162
Күні кеше ғана жерлесіміз, әнші, композитор Ербосын Қасымбек Абай облысында өткен композитор Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған республикалық композиторлар байқауына қатысып, бірінші орынды қанжығасына байлаған болатын.
Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 50-ге жуық кіл мықтылардың ішінен дара шығып, Шу ауданынан бөлек, Жамбыл облысының намысын қорғап, үздік атанған жерлесімізді аудан әкімі Сәкен Арубаев арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады. Бұған дейін де көптеген республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген Ербосынды шулықтар композитор әрі дәстүрлі әнші ретінде де жақсы таниды.
Сәтін салса, жерлесіміз алдағы наурыз айында Абай облысында өтетін «Толағай таланттар» атты халықаралық композиторлар байқауында бақ сынамақ. Аудан басшысы Ербосын Қасымбекке алдағы додаларда үздіктер қатарынан көрінуіне тілектестігін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
Шу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.