Жерлесіміз әлем чемпионы атанды

110
Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген жерлесіміз Ангелина Лукас (6-1, 3 КО) WIBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Бакудегі кәсіпқой бокс кешінде аса жеңіл салмақтағы Пәкістан өкілі Рома Юсафмен (5-1-1, 2 КО) жұдырықтасып, мерзімінен бұрын айқын жеңіске жеткен боксшымыз тек Жамбылдың ғана емес, еліміздің абыройын лайықты қорғай білді.
Кәсіпқой бокста осымен алтыншы рет жеңіске жеткен Ангелина бұған дейін WBC International және UBO чемпиондық белдіктерін иеленген болатын.
Қыздар арасында кәсіпқой бокстан сәтті өнер көрсетіп жүрген Лукасты кезекті жеңісімен құттықтаймын және абсолютті чемпион атағына қол жеткізуіне тілектестігімді білдіремін.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.