Жеңіс пен жетістік – білім сапасының көрсеткіші

64

Ел ертеңі, әлемді өркениетке жетелер білім көшінің жолбасшылары – дарынды ұрпақты тәрбиелеу – заман талабы. Жарқын болашаққа айқын мақсатпен жету үшін ой-санасы терең шәкіртке бағдарлы білім, бәсекеге қабілетті озық ақыл-ойды игертер саналы тәлім керек. Дана халық «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле» дейді. Расында, алаш атқамінері, ел ағасы, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханов та: «Тіршілік – бәйге: жүйрік озады, шабан қалады» деп тегін айтпаса керек.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында білім сапасын, әсіресе, орта білімнің деңгейін арттыру үшін батыл шешім қабылдау қажет екенін айтты.

«Адам капиталының сапасын барынша арттыру керек. Бұл мәселе менің айрықша назарымда екенін білесіздер. Себебі, Қазақстанның басты байлығы – адам. Қарым-қабілеті зор, білімді азаматтар елімізді алға бастайды. Сол үшін білім беру жүйесін жан-жақты дамыту қажет. Соңғы жылдары мемлекет бұл салаға инвестицияны едәуір көбейтті. Балабақша тапшылығы біртіндеп азайып келеді. Барлық облыста мектеп салу, оны жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Оқу орындарын материалдық-техникалық жабдықтау ісі жанданды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мұның өзі жеткіліксіз екенін, сол себепті білім сапасын, әсіресе, орта білімнің деңгейін арттыру үшін батыл шешім қабылдау қажет екенін айтты.

Тараз қаласының мектептерінде білім алатын оқушылардың бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері аз емес, Мәселен, осы жылы облыстық олимпиадаларға 183 оқушы қатыстып, 128-і жүлдегер атанған. Республикалық білім бәйгелеріне қатысқаны — 32, жүлдегер -15. Сондай-ақ 1 оқушы халықаралық пәндік олимпиадаға қатысып, жүлдемен оралды.

Бұдан бөлек «Зерде», 9-11 сынып зерттеу жарысы, Ө.Жолдасбеков жарысы, «Математика және жобалау» жарысы секілді ғылыми жобалар жарыстарына да тараздық балғындар тұрақты түрде қатысуда. Мәселен, облыстық байқауларға қатысқаны — 181, жүлдегер -127. Республикалық жарыстарға қатысқаны — 44, жүлдегер – 27. Халықаралық сайыстарға қатысқаны — 10, жүлдегер -7.

Сонымен қатар, тараздық оқушылардың Ұлттық біріңғай тестілеуде де көрсетіп келе жатқан нәтижелері жыл өткен сайын артуда. Мысалы, биыл қала мектептерін 2 790 оқушы бітірді. Тестілеуге күндізгі 57 орта мектептің 2197 бітірушісі, яғни 82 пайызы өтініш беріп, оның 2118-сі, яғни 80% қатысты. 2022 жылмен салыстырғанда тест тапсырған түлектер үлесі 0,2 пайызға төмен болды. Себебі тестілеуге өтініш беріп, бірақ қатыспай қалған түлектер есебінен 2% төмендеді, яғни 79 түлек қатыспады (ЖОО гранты мен ақылы оқу формасына тапсыратындар, шетелдің оқу орнына баратын түлектер).

Тестілеуге қатысқандардың 75%-ы (1588) қазақ тілінде, 25%-ы (530) орыс тілінде тапсырды. 1535 түлек (72,5%) тестілеуді 5 пән бойынша, 583 түлек (27,5%) шығармашылық бойынша 2 пәннен тест тапсырды.

2074 (98%) мектеп бітіруші шекті деңгейден өтті. Шекті деңгейден өтпеген түлектер саны — 44 (2%) болып, былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 0,5 пайызға жақсарды (2022 жылы — 54 түлек — 2,5%).

Ең жоғары көрсеткішті — 3 оқушы (134 балл). Бұл №12 мектеп түлегі Абдухали Асылжан, №8 гимназияның түлегі Медербекова Ақерке және №49 мектептің түлегі Байгелді Аруна.

Ағымдағы жылы 55 түлек орта мектепті «Алтын белгіге» бітірді. Оның 2-і (№5, №11 ОМ) ЖОО гранттарын иеленіп қоюына байланысты ҰБТ-ға қатысқан жоқ, 2-еуі шығармашылық тест тапсырды.

ҰБТ тапсырған 51 «Алтын белгі» иегерлерінің 47-сі 100 балдан жоғары алды. Білім бөлімінің 9 айға жоспарланған іс-шаралары толық орындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.