Жеңіс күніне – 80 жыл!

38
 Бүгін – ұлы тарихтың ұлық күні. 1945 жылдың 9 мамырында бейбітшілік шапағы жарқырап, биыл сол Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр.
⚜️ Бұл – ерлік пен батырлықтың, қайсарлық пен үміттің мәңгілікке айналған күні.
⚜️ Біз жауынгерлердің жанқияр ерлігіне, тыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегіне бас иеміз. Олардың арқасында азаттық туы желбіреді, өмір жалғасты. Жеңіс – жай сөз емес, ол – әр отбасының тағдыры, әр жүректегі сағыныш пен мақтаныш.
⚜️ Ұлы Жеңіс – ұмытылмас! Ардагерлерімізге мәңгі тағзым! Естелік – ел жүрегінде!

Тағылымды шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек,  еңбек ардагерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен жастар қатысты.

Жиналған қауым от пен оқтың ортасында Отан үшін жанын шүберекке түйіп, ерлік көрсеткен батырларды үнсіз еске алып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Жамбыл облысы

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.