Жемқорлық — індет, жою — міндет

124

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа да мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мақсаты — қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Қоғам дертімен  күресу — елімізде бүгінгі күннің күрделі де өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбына арналған форум ұйымдастырылды.
Аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамаловтың кіріспе сөзімен ашылған форум жұмысына аудан ардагерлері, аналар кеңесінің мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, олардың тәрбие және тәрбие құқықтық ісі жөніндегі орынбасарлары, ауданның белсенді жастары қатысты.
Форумда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының бас маманы Айбек Әжібаев, «Аmanat» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, «Нығмет Нұры» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сүйімқұл Шарапат сөз алып,  күн тәртібіндегі қаралып отырған мәселеге байланысты өз ойларын ортаға салды.
Аудан көлемінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс атқарып жүрген бірнеше азаматқа марапаттау рәсімі жүргізілді. «Шахан» халық театры әртістерінің  сахналық көрінісі тамашаланып, патриоттық бағытта әндер шырқалған форум соңында белсенді жастар атынан Үндеу жарияланды.

Жалпы, мұндай іс-шаралар әр мемлекеттік салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын нәтижелі жүргізуге, әр азаматтың құқықтық мүддесін қорғауға, алдын ала жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алуға, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс. Сондықтанда бүгінгі форум шеңберінде айтылғандарды  негізге ала отырып,  жемқорлықтың алдын алуға бәрімізде атсалысайық.

Мұхтар Манекеев,

Байзақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.