Жемісті жоба жастарға жол ашуда

73

Кез келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болары анық. Ал, жолшы мамандығын игеру – қоғам алдындағы жауапкершілік. Әйтсе де, бүгінгі таңда көптеген оқу орындарында жолшы мамандығында білім алып жатқан жасөспірімдер жетерлік. Оған себеп — «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» бастамасымен қолға алынған асқан «2000 мектеп» жобасының сәтті жүзеге асуы.

«1000 мектеп» жобасының заңды жалғасы боп саналатын бұл жоба аясында өңір-өңірдегі жолшылар әрбір білім ұясына бас сұғып, жасөспірімдердің осы іске қызығушылығын оятуда. Сонымен қатар, колледж студенттері өңірлік филиалдарда 6 айлық тағылымдамадан өтіп, аға буын өкілдерінен тәлім алуда. Ал, бұл кезеңде білімгерлерге белгіленген мөлшерде ақы да төленетінін айта кеткен жөн.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекші сарапшысы Жұмахан Шәкірбаев еркін форматтағы кездесулерде ізбасарларына қыр-сырын түсіндіріп, әріптесі болуға шақырғанын жеткізді.

— Жалпы, жоба шеңберінде жергілікті жастар үшін «Ашық есік күндері» ұйымдастырылады. Осылайша, студенттер бұл саладағы алдыңғы буын өкілдерінің жұмысын көзбен көріп, көп жайтқа қанық болады. Филиал қызметкерлері өткен жылы 70 мектеп пен 9 колледжге арнайы барып, жастардың осы салаға деген қызығушылығын арттыруға күш салды, – деді Ж.Шәкірбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.