Желіде аяусыз соққыға жығылған қыздың видеосы тарады

91

Әлеуметтік желіде қыздың аяусыз соққыға жығылған сәті тарап жатыр деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Өскемендегі сауда орталығының бірінде болған. Дәретханада түсірілген видеодан бір қыздың екіншісін қатыгездікпен ұрағанын байқауға болады.

Осы оқиғаға қатысты Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

«Тексеру жүргіздік. Бұл оқиға бір ай бұрын – биыл 1-2 наурызда болған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі («Бір топ адамдар жасаған бұзақылық») бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство өкілдері тергеу аясында егжей-тегжейлі ақпарат жарияланбайтынын хабарлады. Оқиғаға қатысушылардың бәрінің жеке басы анықталды.

https://turkystan.kz/article/218886-zhelide-ayausyz-sokkyga-zhygylgan-kyzdyn-videosy-tarady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.