Жазушы Қамар Қарасаеваның «Ұшталған қалам» атты бенифис кеші өтті

135

Жамбыл облыстык көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен жергілікті жазушы, журналист Қарасаева Қамар Рахметуллақызының «Ұшталған қалам» атты бенифис кешінің және Брайль қарпінде жарық көрген кітабының тұсауын кесу рәсімі өтті.
Кеш ақын-жазушылардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі тұтып, жастардың бос уақыттарын мазмұнды өткізуге жаңашылдық іздеу мақсатын көздейді.
Кеш барысында «Болашақ» мектеп-интернатының білім алушылары сол кітап желісімен эллегиялық қойылым сахналаса, «Асыл-арман» ән-би студиясының өнерпаздары «Тәтті мұң» биін билеп, «Бақыт» атты әнді шырқады. Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының оқушылары ақын-жазушының өлеңдерінен шағын композицияны көпшілік назарына ұсынды.
Салтанатты кешке Қамар ханымның әріптестері мен қаламдастары және мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Сондай-ақ, жиында ақынның «Тәтті мұң» атты шығармалар жинағының «Брайль» яғни, нүктелі-бедерлі қарпіндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл кітапты брайль қарпіне арнайы кітапхана кітапханашысы Ербол Бегімов Аққайұлы аударған.
Басқосудың соңында оқырмандар Қамар ханымға өздерің қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.