Жазбаша іс жүргізу, оның ерекшіліктері мен ауызша сот талқылауынан айырмашылығы

223

2021 жылғы 1 шілдесінен бергі уақыт ішінде жаңа әкімшілік соттардың жұмысы бір жүйеге түсті. Сонымен бірге Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сай сот тәжірибесі де қалыптасып үлгерді. Елімізде алғаш рет жұмысын бастаған әкімшілік әділетің оң тұстары және тиімді жақтары аз емес. Кодекстің жанашыдықтарын көпшілікке таныстыру, азаматтардың әкімшілік соттарға қатысты түсінігін кеңейту бойыншаатқарылатын жұмыстар жалғасуда. Бұл бағыттағы іс-шараларды жандандырып, құқықтық сауатты көтеру ісінен судьялар қауыда шет қалған емес. Осыған орай жазбаша іс жүргізу тәртібіне тоқталған жөн. Әкмшілік рәсімдік –процестік Кодекстің 23 тарауына жазбаша іс жүргізу тәртібі толыққанды айқындаған.

Сот тараптардың келісімімен әкімшілік істі жазбаша талқылауда ақылға қонымды, бірақ талап қойылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарауға құқылы.

Әкімшілік істердің сот өндірісін ауызша және жазбаша тәртәппен жүргізуге мүмкіндік бар. Мұның айырмашылығы неде? Карапайым азаматтар ауызша іс жүргізу тәртібі мен жазбаша іс жүргізудің ара жігін ажырата алмайды. Заңңанмаға сәйкес, ауызша іс жүргізу кезінде  іс сот отырысы тағайындалып қаралады. Ал жазбаша іс жүргізу тәртібі бойынша сот отырысы тағайындалмайды. Жазбаша іс жүргізудің ерекшілігі – әкімшілік іс процеске қатысушыларды шақырмай –ақ қаралады. Сот тараптар ұсынған және өз бастамасы бойынша талап етілген дәлелдемелерді зерттеп, сол бойынша шешім қабылдайды. Бұл ретте сот өтініштер мен құжаттарды ұсынуға болатын қосымша мерзімді тағайындайды. Ең басты назар аударылатын жайт жазбаша іс жүргізу тек тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі, яғни мұнда тараптардың пікірі маңызды. Әкмшілік іс барысында сідья іс бойынша алдын ала тыңдау өткізеді. Осы кезде тараптарға істі жазбаша іс жүргізу тәртібімен қарау мәселесі сот отырыс тағайындалмай тұрып шешіледі. Жалпы жазбаша іс жүргізудің тиімділігі өте жоғары. Себебі бұл тәртіп тараптарың және соттың уақытын үнемдеумен құнды.

Жамбыл облысы  мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты судьясы                                                        А. Саулембекова

Leave A Reply

Your email address will not be published.