Жазасын өтеушілермен топтық кездесу өткізілді

67

Жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 түзеу мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторлары – әділет капитаны Ж. Жақсыбекұлы және әділет аға лейтенанты Ғ.Қалмаханбетовтың ұйымдастыруымен топтық кездесу өтті. Кездесуді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, “Ақниет” ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы” ҚҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілі Файзулла Тайтелиев  өткізді. Кездесу барысында жазасын өтеушілерге «Ислам экстремизм мен терроризмге қарсы» атты тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ол өз сөзінде: «Ислам» сөзі араб тілінде «Бейбіт» деген мағынаны білдіреді және Ислам дінінде зорлық-зомбылыққа, қаскөйлікке жол берілмейді. Сондықтан «әрбір мұсылман көркем мінез иесі болуы тиіс», – деді.

Кездесу соңында жазасын өтеушілер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Жалпы мұндай кездесулер мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынатын сотталғандары арасында жиі ұйымдастырылады. Кездесулер аясында бөтен идеологияның ықпалындағы сотталғандар экстремистік және террористік идеялардың әлеуметтік қауіптілігін түсініп, дәстүрлі діни ілімдерді игеруге бет бұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.