Жазасын өтеушілерге заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді

39

Өткен жылдың 27 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.

Оның аясында ҚР Қылмыстық кодексіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Мәселен, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар және есірткі таратушылар, оның ішінде «есірткі жасырушылар» үшін қылмыстық жауапкершілік бөлінген. Егер олар үшін Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша бірыңғай жаза қолданылған болса, енді есірткі жасырушылар ҚК-тің сол 297-бабы бойынша, бірақ төмендетілген санкциялармен тартылады.

Екіншіден, заңмен біржола ҚК 297-1 жеке бабы енгізілуде, онымен есірткі бизнесін ұйымдастырушылар және есірткі өндірушілер, сондай-ақ лауазымды тұлғалар үшін жаза қатаңдайды.

Үшіншіден, күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ есірткіні өндіру, әзірлеу, қайта өңдеу кезінде қолданылатын прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік бірінші рет енгізілуде.

Аталған өзгерістер үстіміздегі жылдың 3 наурызынан бастап күшіне енбек. Осыған орай елімізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның бірі жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменитіне бағынысты №25 мекемесінде өтті. Шарада мекеме басшылығы жазасын өтеп жатқан азаматтарға ақпараттық буклеттерді тарата отырып, түсіндіру және құқықтық жұмыс ұйымдастырды. Жиында сотталғандарға Заңға енгізілген өзгерістер жан-жақтиы түсіндіріліп, олардың тарапынан қойылған сауаптарға нақты жауаптар берілді.

Аталған өзгерістер прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың айналымына бақылауды күшейтеді. Енгізілген өзгерістер қылмыстық жауапкершіліктің бұдан да әділетті жүйесін құруға, сондай-ақ қоғамды есірткінің заңсыз айналымы салдарынан қорғау бойынша шараларды күшейтуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.