Жазасын өтеушілерге аттестат тапсырылды

60

Сотталғандарды әлеуметті ортаға қайта бейімдеу – көкейтесті мәселелердің бірі, оның шешімі тек құқық қорғау органдары емес, нақты мемлекет және азаматтық қоғам институттарына тәуелді. Бұл мәселе әсіресе Оқу-ағарту министрлігі мен оқу орындарымен тығыз байланысты.

Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, Қазақстан сотталғандарды әлеуметтік бейімдеудің жеке процесін әзірлеген еді. Ол арқылы сотталғандар абақтыда отырып орта білім ала алады. Олар бостандыққа шыққан кезде өзгелер сияқты жұмыс істеп кетуі үшін осындай жағдай жасалған.

Аталмыш жағдай көптеген жазасын өтеушілерге кешкі мектепте орта білім алып, аттестат иеленуге мүмкіндік беріп отыр. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға орта білім алғаны туралы құжаттар тапсырылды. Түзеу мекемесінде 5 сотталған азамат оқуын аяқтап, құжатын алды. Оқу құжатын мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.