Жазасын өтеушілердің арыз-шағымдары қаралды

169

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/4 мекемесіне өңірлік ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары арнайы барып, пенитенциарлық мекемелерде адам құқықтарын сақтау мониторингі бойынша сотталған азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдау барысында өңірлік ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының басшысы
Ғабит Айтеновпен Рауф Сабитов жазасын өтеушілер тарапынан түскен арыз-шағымдарды қарап, түзеу мекемесінің коммуналдық-тұрмыстық жағдайын назарға алды.

Айта кетейік, бұл күні өңірлік ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары сотталғандардың кейбір ұсыныстары бойынша тиісті шаралар қабылдап, оларға нақты жауап берді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.