Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

368

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД 158/4 мекемесінің аумағында өзінің кәсіпкерлігін ашып және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер бар. Олар ағаштан жасалатын бұйымдар өндірісі, жиһаз заттары, тігін өнімдері, темірден жасалатын бұйымдар, көлік жөндеу бойынша жұмыстары бойынша жазасын өтеушілерге «екі қолға бір күрек» тауып беріп отыр.

Бұдан басқа, өнеркәсіптік аймақтарда «Еңбек-Тараз» РМҚ кәсіпорны жұмыс жасауда. Мұнда (темір өңдеу, арнайы киімдер тігу, төсек орынға керек жабдықтар көлік жөндеу) халыққа және түзеу мекемелеріне қажетті тауарлар шығарылады.

Бүгінгі таңда аталған түзеу мекемесінде 739 адам жазасын өтеп жүр. Олардың көпшілігі түзеу мекемесінің жанынан ашылған №15 кәсіби колледжде тігін, аспазшы, кран жүргізушісі, электромеханик, ағаш ұстасы, темір өңдеу және слесарь-сантехник сынды 7 мамандық бойынша білім алады. Тиісінше, оқығандарға диплом беріліп, осы мамандықтармен бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылады.

Ал ақылы еңбекпен қамтылған сотталғандар қылмыс жасап, өздері келтірген залалдарды өтейді. Сонымен қатар, жанұяларына, балаларына көмек көрсетеді. Еңбекке, техникалық қауіпсіздікке және сапалы еңбек міндеттерін орындауы сотталған азаматтардың түзелуіне баға берілуінің негізгі критериі болып табылады. Демек, еңбек сотталғандардың ойының ғана емес, олардың қылықтарының өзгеруіне түбегейлі әсерін тигізеді.

Қ.Қ. Сансызбай
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД
ЖД 158/4 мекемесінің
СЕҰБ инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.