Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

61

Еңбек пен бейнет адам баласының бойына жақсы қасиеттер баулайтыны әлде қашан дәлелденген.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депараметіне бағынысты №58 мекеменің әкімшілігі сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында барлық мүмкіндіктерді қарастырып, соттың үкімі бойынша талабы бар сотталған азаматқа қарыздарын өтеуге жақсы жағдай ұйымдастыруда.

Қазіргі таңда мекеме аумағында шаруашылқ қызмет пен РМК «Еңбек-Тараз» кәсіпорнының объектілерінен бөлек, 10 жеке кәсіпкерлік жұмыс істеуде. Соған қарамастан мекеме әкімшілігі жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар жүргізуде.

02.02.2024 жылы мекеменің өндірістік аумағынан «Букаева А.Н.» жеке кәсіпкері ағаш бұйымдарын жасау цехын ашып, сотталған азаматтарды ақылы жұмыстармен қамтамасыз етуде.

Е. Құрманбай,
сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру
бөлімшесінің инспекторы,
әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.