Жайылым жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

97

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым  177 020 гектар елді мекен жайылымы 33 321 гектар, орман қоры жайылымы 64 564 гектар. Бұған қоса ауылдық округтеріне қоғамдық пада үшін 18 761 гектар берілді. Жетіспейтін жайылым көлемі 87 100 га құрады. Бүгінгі күнге, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 37 300 гектарды құрайтын жайылым жетіспеушілігі анықталып отыр. Ал, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі                         5 878 гектар жер мемлекет меншігіне алынды. Оның ішінде 310 гектары егістік,  7,0 гектары шабындық, 5 561 гектары жайылымдық жер учаскелері.

Сондай-ақ 2019-2022 жылдары «Ауыл Аманаты» жобасы  3 ауылдық округте іске асырылды. Атап айтқанда, Бесағаш, Өрнек, Қаракемер  ауылдық округтерінде. Осы жоба аясында 538 адам жұмыс орнымен қамтылды. Аталған ауылдық округтерден 532 жеке кәсіпкерлер 2,2 млрд теңгеге несие алды. Ал 2023 жылы  «Ауыл аманаты» жобасын одан әрі іске асыру барысында Айшабибі, Қарасу, Тоғызтарау ауылдық округтерінде барлығы 379 құжат 2,5 млрд өтінім өткізіліп, қазіргі таңда 128 аула 836,8 млн. теңгеге несиеге қол жеткізді.

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.