ЖАЙЫЛМАДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

177
Жайылма ауылындағы Б. Тоғызақбаев атындағы спорт кешенінде «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан» газеттерінің жүлдесі үшін жартылай ауыр салмақта қазақ күресінен өлкелік жарыстың жеңімпазы, балуан Бөрібек Тоғызақбаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында ІХ-шы Республикалық турнирі өтіп жатыр.
Турнирдің ашылу салтанаты өтіп, Сарысу ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбол Бердібаев, Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұлов, Сарысу аудандық мәслихаттың депутаты Оңласын Мұқашов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сөз сөйлеген кісілер Жайылма ауылында аудандық жарыс болып басталған бұл турнир бүгінгі таңда республикалық деңгейге жетіп, еліміздің барлық өңірінен балуандардың басын қосатын үлкен додаға айналып отырғандығына, бұл жарыстың ауданымызда өтуі жас балуандардың кәсіби деңгейінің өсуіне, спортшылардың спортпен шұғылдануға қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететіндігіне тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін жарыстың бас демеушісі, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, «Парыз» сыйлығының иегері, меценат Жеңіс Тоғызақбаев сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Жыл сайын бұл үлкен турнирдің жоғарғы деңгейде өтуіне ат салысып келе жатқан азаматтарға ризашылығын білдірді.
Қазақ күресінен өтіп жатқан Республикалық турнирге Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстарынан, Шымкент, Тараз қалаларынан және Жамбыл облысының аудандарынан 250 жас балуандар келіп, бақ сынап жатыр.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.