Бейтаныс бойжетеннің видеосы Instagram желісіндегі abdulla_kz парақшасында жарияланды. Ол өзінің эстрада-цирк колледжінде Перизат Қайратпен бірге оқығанын алға тартты.
“Сол кезде Ақтаудың колледжінен 2-курсқа Қасенғалиева Перизат деген қыз ауысып келді. Бір жарты жылға жетпейтін аз уақыт ішінде оның артынан жатақханада телефон, камераларды ұрлап, соның ақшасымен күн көретіні туралы әңгіме тарайды. Ол қызды кейін тіпті оқудан шығарып жіберді. Кейде сол қыз қайда кетті екен деп ойлайтын едім”, – деді ол.
Ару бұған дейін желіде тараған ақпаратқа тіптен мән бермегенін алға тартты.
“Кейін ТикТоктан бір қайырымдылық қордың басшысы ұсталып жатыр екен деген ақпаратты көрдім. Бірақ мән беріп қараған жоқпын. Өткізіп жібердім. Кейін қараймын деп жүріп, ұмытып кетіппін. Бүгін менің мұғалімімнен хабарлама келді. “Мынау бізде оқыған Қасенғалиева Перизат пе?” деп сұрапты. Ашып қарасам дәл өзі екен. “Ауру қалса да, әдет қалмайды” деп халық бекер айтпайды екен ғой. Студент кезінде сол ұрлығы үшін оқудан шығарып жіберіп еді, енді қазір бүкіл Қазақстан білетіндей ұсталып жатыр”, – деп қорытты ол.
Алайда бұл ақпарат нақты дерекпен әлі расталмады. Stan.kz тілшісі мән-жайды анықтайды.
Еске салсақ, бұған дейін ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінгенін жаздық. Ведомство оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғанын алға тартты. Ол Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңге жымқырған.
Фото: Instagram желісінен
https://stan.kz/zhatakhanada-telefon-yrlap-okudan-shikkan-zhelide-periz-409686/