Бүгін Арыстанды орта мектебінде Жаңа жыл мерекесіне орай «Жасыл шырша жанында» мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Аудан әкімінің кішкентай бүлдіршіндерді мерекелік құттықтауы мен жаңа жылдық сыйлықтарын Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Әлібекқызы жеткізді.
Жаңа жылдық кеште балалар Аяз ата мен Ақша қарды қарсы алып,бірге көңілді өткізді.
Сонымен қатар түрлі ертегі кейіпкерлерімен жүздесіп, ән шырқап, би биледі. Мерекелік іс-шараға Түркістан ауылының әкімі А.Шортанбаевта қатысып, жаңа жылдарымен құттықтады.