«ЖАСЫЛ ЕЛ-ТАРАЗ» ЖШС нұсқаманы орындады

43

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент) өз қызметі барысында Тараз қаласындағы саябақ аумақтарында орналасқан жерлерді жалға беру қызмет түрлеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу нәтижесі бойынша, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС саябақтардың аумағындағы жерлерді жалға беру қызмет түрі Жарғысында көрсетілмегендігін ескерместен заң бұзушылықтарға жол бере отырып, кәсіпкерлермен жалға беру келісім-шарттарын жасағандығы анықталды.

Осыған орай, Департамент «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-не Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарларын жою туралы нұсқама жолдады. Нұсқама бүгінгі күні толық орындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.