Жастармен бірге жаңа леп келеді деп сенемін – Самат Мұсабаев

107

Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгін Қазақстан тарихындағы сегізінші рет шақырылған Парламент Мәжілісі ресми түрде қызметін бастап кетті.

Парламент палаталарының бірлескен отырысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Жаңа Мәжіліске сәттілік тілеп, заң шығарушы органның алдында тұрған биік міндеттерге тоқталды.

Маңғыстау облысынан бірмандаттық жүйемен сайланған әріптесім, ағам Еділ Жаңбыршин Мәжілістегі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы боп сайланды. Еділ Терекбайұлы өткен шақырылымда ерекше көзге түскен абыройлы, беделді депутаттың бірі болды. Жаңа қызметінде де үлкен жұмыстарды атқаратынына күмән жоқ, сәттілік тілеймін!» – деді ол.

Сонымен қатар депутат мәжілістің жаңа құрамына жастар көп келгенін айтып, жастармен бірге жаңа леп келетініне сенім білдірді.

«Елімізді алға бастыратын заңдар мен шешімдер қабылданатын, халықтың есінде жақсылығымен қалатын Мәжіліс болғай деп тіледім.

Барша әріптестеріме сәттілік тілеймін!» – деді Мұсабаев.

https://turkystan.kz/article/218344-zhastarmen-birge-zhana-lep-keledi-dep-senemin-samat-musabaev/

Leave A Reply

Your email address will not be published.