Жастарға арналған жаңа форматтағы жиындар өтті

667

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі облыс аудандарында және Тараз қаласында мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен және аудан жастарының қатысуымен бірнеше кездесулер, семинарлар өткізіліп түрлі форматтағы ойындар өткізді.

Кездесулер жастарды, мектеп оқушыларын психологпен жұмыс жасауға, ортада өз ойын ашық айтуға үйрету, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және әлеуметтендіруді мақсат етті. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларына дұрыс бағыт сілтей отырып, бойындағы қабілетін аша отыра дұрыс мамандық таңдауға әсер етуге бағытталды. Аталмыш шаралаға арнайы шақырылған психолог маман Бақытгүл Есентаева түрлі форматтағы психологиялық ойындар ойнатып, шараға қатысушыларға психологиялық сипаттама жасап берді.

Жиындар легі Жамбыл, Жуалы аудандарынан бастау алып, Шу, Мойынқұм аудандарында аяқталды. Сонымен қатар, аталмыш жоба аясында әр бір аудандардан және Тараз қаласынан аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасы жастарына қолдау көрсету мақсатында арнайы бумалар сыйға тартылды. Бума ішіне аса қажетті деп танылған кеңсе заттары мен оқу құралдары кіргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.