Жастардың 1 миллиарды саңырау болып қалуы мүмкін

152

BMJ Global Health журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, жасөспірімдер видео мен музыканы бар даусымен тыңдауды дұрыс көреді.

«Біздің ойымызша, дүние жүзінде 12-34 жас аралығындағы 0,67-ден 1,35 миллиардқа жуық адам видео мен музыканы есту қабілетінің нашарлауына алып баратын деңгейде тыңдайды», – дейді зерттеудің жетекші авторы, Оңтүстік Каролина медицина университетінің ғылыми қызметкері Лорен Диллард.

Қатты шулы дыбыстар адамның құлағына кері әсерін береді. Адам аудионы ұзақ әрі бар даусымен тыңдаған кезде оның құлағында өзгерістер орын алып, бұл есту қабілетінің жоғалуына және құлақтың шуылына әкелуі мүмкін.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары аптасына 40 сағат ішінде 85 децибелді қауіпсіз деп санайды. Жастар көбінесе музыканы 105 децибелде тыңдайды, ал ойын-сауық іс-шараларындағы дыбыс деңгейі 104-тен 112 децибелге дейін өзгереді.

 

 turkystan.kz.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.