ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖАЙДАРЛЫ ЖАЙДАРМАН ӨТТІ

198
Жайдарман –жастар арасындағы әзілден құралған ойын. Жайдарман жастарды заманмен қатар даму арқылы өз орнын дұрыс таба білуге баулиды. Талай жастарды биік шыңдардан көрсетіп жүрген жайдарман ойынның орны ерекше.
Қоғамға үлестерін қосып, еліміздің рухани байлығын кеңейтуге, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға ат салысып жүрген өнерлі, талантты жастар баршылық.
Жаңатас қаласындағы мәдениет үйінде Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Жайдарлы Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Nomad» облыстық премьер лигасының 1/8 финалы өтті.
Ойынға М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті, Шерхан Мұртаза атындағы Тараз Инновациялық Университеті, Тараз қаласындағы «Парасат» колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжінің білімгерлері және Т. Рысқұлов, Байзақ, Мойынқұм, Сарысу аудандарынан 10 команда қатысты.
Жайдарман ойынын Республикаға танымал жайдарманшы «Шу-Чу» командасының жетекшісі Мақсат Шәймерден жүргізді.
Ойынға Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі – Олжас Бейсен, Жаңатас бокс мектебінің жаттықтырушысы, жайдарманшы – Азамат Сарсенбиев, жас кәсіпкер, жастар жанашыры – Раушан Әшімова, аудандық мәслихат депутаты, жайдарманшы – Бауыржан Балғабай сияқты белсенді жастар қазылық етті.
Әділқазылар алқасының шешімімен тартысты өткен ойында он команданың сегізі ширек финалға жолдама алды. Жаңатас көпсалалы колледжінің білімгерлерінен құралған жастар командасы да ширек финалған жолдама алғандардың қатарынан табылды.
Жарыс соңында Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов жастарды арнайы құттықтап, ойынның өте жоғары деңгейде өткендігіне тоқталып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Жарыс жеңмпаздарына ширек финалдың жолдамасын және барлық қатысушы командаларға бағалы сыйлықтар табыс етті.
Залға лық толы жайдарман сүйер жанкүйер жастар ойыннан керемет әсер алып, шапалақ ұрып, қолдау көрсетіп отырды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.