«Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу: мәселелері мен шешу жолдары»

250
Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке ұмтылған бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің алатын орны ерекше.
Осы орайда, «Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференция жұмысы қазіргі заман отбасыларындағы бала тәрбиесі мәселесінің ерекшеліктерін жан-жақты талқылай отырып, мектеп пен отбасының ынтымақтастығын және отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы, Жамбыл облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция кызметі Ювеналдық полиция басқармасының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Алишер Тиллабекұлы, Тараз қаласының психикалық денсаулық сақтау орталығының бас дәрігерінің орынбасары Эльмира Аскаровна, Тараз өңірлік университетінің профессоры Лескүл Нұсұпқұлқызы және «Педагогикалық психология» кафедрасының меңгерушісі Клара Бегалиевна отбасында баланың психикалық денсаулығына әсер ететін факторлар, отбасы тәрбиесінің маңызы сынды өзекті мәселелерді көтеріп, пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуда кері әсерін тигізетін факторлар және оны шешу жолдары ұсынылды.
Конференция жұмысы секциялық отырыстармен жалғасын тапты.
Бейқұт Жамангозов,
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.