«Жарты тәулікте»: Чемпиондар лигасында сенсация жасаған Темірлан Анарбеков командаласы Дастан Сәтпаевты басып озды
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикпен» қарымта матчтың басты қаһарманы болған «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтың әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазылған оқырман саны күрт өсті
Ойын басталмас бұрын 21 жастағы Темірланның Instagram-дағы парақшасында небәрі 2 674 жазылушы болатын.
Жарты тәулік ішінде бұл көрсеткіш 80 мыңға жетті.
Ал келесі жылдан бастап ағылшындық «Челси» сапында доп тебетін «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың парақшасында 78 мың оқырманы бар.
turkystan.kz.