«Жәрдемақысыз үш ай күтуі керек»: Павлодар облысында аяғынан айырылған зағип қарияға мемлекеттен арба мен көмек берілмей жатыр

48

Фото: Freepik.com

Бұл қарияның жағдайы туралы «Алтын бата» қоғамдық қоры дабыл қаққан. Бірнеше жылдар бойы зағип әкесіне қамқорлық жасаған ер адам олардан көмек сұрапты. Оның үстіне онсызда көру қабілеті нашар қария биыл аяғынан айырылған. Енді оған арба, жөргектер мен басқа да жеке гигиена құралдары қажет.

Ал мұндай көмекті алу үшін диагнозын өзгертіп, қайта куәландыру қажет екен. Бұл кезде ол үш ай бойы жәрдемақысыз қалу керек деп түсіндіріпті.

“Мамыр аудандық ауруханасының мамандары үш ай күту керек дейді, нозологияның өзгеруі қажет, яғни адам бұл диагнозды қайта қою үшін күнкөріссіз қалуы керек. Бірақ басқа нозологияға сәйкес, жөргектер, жаялықтар, тазартқыштар мен арбалар ИПР-да жасалуы керек”, – деді «Алтын Бата» қоғамдық қорының басшысы Евгения Стелвага.



Мәселе көтерілгеннен кейін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы пациентке медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге, оңалтудың жеке жоспарын әзірлеуге жәрдем көрсетілетініне уәде еткен. Олар пациенттің өзі де, оның ұлы да жеке көмекші ретінде ешқандай төлемдерді жоғалтпайтынына сендірді.

“1943 жылы туған науқастың көзі көрмеуіне байланысты I топтағы мүгедектігі бар. 2024 жылы аяқтың ампутациясына байланысты екі рет операция жасалған. Бүгінде оңалтудың жеке бағдарламасына түзету әзірленіп жатыр. Осы кезеңде пациент пен жеке көмекші әлеуметтік төлемдерден айырылмайды. Барлық қажет тексерулерден өту үшін пациентті облыс орталығына тасымалдау үшін көлік бөлінді”, – делінген хабарламада.

https://stan.kz/zhardemakisiz-ush-ay-kutui-kerek-pavlodar-oblisinda-aya-404182/

Leave A Reply

Your email address will not be published.