Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (3-0, 1КО) кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуінде кімге қарсы жұдырықтасатыны белгілі болды.
Отандасымыз 3 қараша күні америкалық Ван Александермен (12-1, 8КО) кездесетін болады.
Кездесу АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Эль-Пасо қаласында өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 28 қыркүйек күні колумбиялық Карлос Галванға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.