Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты

74

Алматыда Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, ол 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Мамайды құқықбұзушылық жасады деп айыптау іс қаралды: билік өкілдерін қызметтік міндеттерін пайдалану кезінде қорлау, көрінеу жалған ақпарат тарату және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру (378-бап 2-бөлігі, 274-бап 2-бөлігі 3-тармақ, 272-бап 1-бөлігі).

Сот үкім шығару кезінде сотталушының оң қасиеттерін және асырауында үш кішкентай баланың болуын ескерді. Ешқандай ауырлататын мән-жай анықталмады. Мамай кінәлі деп танылды.

«Бұл ретте билік өкілдерін қорлағаны үшін – ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты өндіріс тоқтатылды. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны және ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды – шартты түрде, әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси қызметпен және публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айыра отырып. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/219450-zhanbolat-mamayga-katysty-sot-ukimi-shykty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.