Жаңатаста жел станциясының екінші кезеңі басталды

129
Сарысу  ауданының  әкімі Марат Сұлтанғалиев «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС-нің құрылтайшыларымен кездесті. Аудандағы жел электр станциясы – Орталық Азиядағы ең ірі жоба.
 Аудан басшысымен кездесуде күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
– бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2023 жылы Жаңатас қаласында жүзеге асатын жоба.
Екіншісі – жүзеге асырылып жатқан екінші кезеңнің іске асу барысында туындаған мәселелері талқыланды. Оның ішінде ауданға үлкен техникалар мен құрылғыларды әкелуі, олардың кедендік рәсімделуі, ауданға жылдам жаткізіліп, орнатылуы.
 «Жаңатас жел электр станциясы» компаниясы ауқымды жобаға оң көзқарас танытып, қолдау білдірген аудан басшысына алғыс білдіріп, жергілікті атқарушы билік тарапынан тиісті қолдаулар көрсетіліп жатқанын жеткізді.
 Екінші кезең іске қосылғанда қуаты 100 мегабатт болатын қондырғылар елімізді қажет энергиямен қамтамасыз етіп, жұмыс көздерін ашуға мүмкіндік береді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.