Жаңатас жаңғырып келеді

279

Жамбыл облысының Сарысу ауданында орналасқан Жаңатас қаласы жарты ғасырлық белесін артта қалдырып, болашаққа бағыт алып отыр.
Атап өтейік, қала географиялық карталарда алғаш рет 1969 жылы, Жамбыл облысында Қаратау-Жаңатас фосфорит бассейні белсенді игеріле бастағанда пайда болды. Сол тұста «Жамбыл химия алыптарын» дамыту қолға алынып, бүкілодақтық деп жарияланған құрылысқа кеңбайтақ Кеңес Одағының барлық өңірінен жас мамандар ағыла бастады.
Олар санаулы айлар ішінде-ақ тұрғын үйлік мөлтек аудандар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың корпустарын салып тастады. Жас қаланың әр тұрғыны жұмыспен, баспанамен және барлық әлеуметтік қажеттіліктермен қамтамасыз етілді. Оның үстіне Жаңатас тұрғындары халық тұтынатын тауарлармен астаналық, мәскеулік деңгейде қамтамасыз етілді.
90-ыншы жылдары, экономикалық байланыстар үзіліп, қалақұраушы химия кәсіпорны тоқырағаннан кейін қала депрессивтілер қатарына қосылды. Жаңатастан адамдар жаппай көше бастады…
Бүгінде қалада керісінше жағдайды көруге болады – шаһар қайта жандануда.
Тұрғындар көз алдарында жаңғырып жатқан өздерінің сүйікті қаласына қайта оралуда. Тозған көпқабатты үйлер сүріліп тасталып, жарамдыларына реконструкция жасалуда. Жаңа үйлер салынып, әлеуметтік нысандар ашылып жатыр. Бизнес дамып, жаңа жұмыс орындары пайда болуда. Бүгінгі таңда Жаңатасқа көршілес Тараз немесе Шымкент қалаларына көшіп кеткендер ғана емес, тіпті 90-шы жылдары жақын шет елдерге тұрғылықты тұруға кеткендер де оралып жатыр.
Елу жылдан астам тарихы бар Жаңатас қаласының жалпы аумағы 3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде елді мекен жерлерінің көлемі 2,5 мың гектар.
Халық санағының нәтижесі бойынша қала халқының саны 28 мыңға жетті. Тұрғындардың 23 520 (84%) қазақ ұлты болса, қалған 4480 тұрғын (16%) өзге ұлт өкілдері (орыстар — 2 958, украиндер — 251, татарлар — 158, күрділер — 172, немістер — 81 және 860 басқа ұлт өкілдері).
Бүгінде қалада жан басымен қатар мал басы да көбейіп, ауылшаруашлығы да қатар өркендеуде.
Бүгінде Жаңатаста 22 шаруа қожалығы белсенді жұмыс істеуде. Бұл шаруа қожалықтары 61 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Мал басы саны 485 басқа артты (мүйізді ірі қара 117 басқа, қой-ешкі 198 басқа, жылқы 25 басқа және құстар 145 басқа).
Бүгінгі күнде 4 шаруа қожалығы асыл тұқымды шаруа қожалығы мәртебесін алған. 1 шаруа қожалығы 148 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара («Абылай» ШҚ 148 бас Ақбас сиыры) және 3 шаруа қожалығы 2550 бас қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын («Жарасбек-ата» ШҚ 750 бас, «Тәуекел» ШҚ 1000 бас, «Айтуған» ШҚ 800 бас) өсіруде.
Қала тұрғындары 456 сиырын 2 қоғамдық падаға (1 пада — 215 бас, 1 пада — 241 бас) шығарады. Бұл падада 2 бастан 4 бұқа бар.
Жаңатас қаласы тұрғындарының малдарын жаюға 4,5 мың гектар жайылым жер бекітіліп берілді.
Конго-Қырым гемморагиялық қызбасын оқшаулауға 2 кезеңді дезинсекциялау жұмыстары ұйымдастырылып, 1 391 жеке тұрғын үйдің қора-жайлары залалсыздандырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.