«Жанашыр жүрек» республикалық акциясы аясында

356
«Жанашыр жүрек» республикалық акциясы аясында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
Mейірімділік – адам бойындағы шынайылық пен сүйіспеншіліктен туындайтын жүрек мейірбандығы.
25 қазан – Республика күні қарсаңында «Жанашыр жүрек» атты республикалық халықтық акция аясында Тараз қаласында орналасқан қарттар үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда қарттарға мейірімділік пен қайырымдылық көрсетудің маңызы айрықша. Сарысу ауданы әкімінің бастамасымен мейірімділік сипаттағы шаралар дәстүрге айналған. Тек мереке күндері ғана емес, басқа уақыттарда да қазыналы қарияларға көңіл бөлуді басты мақсат санайтын Марат Сұлтанғалиев мерекелік құттықтау сөзін сөйлеп, қарияларға ұзақ ғұмыр тіледі.
Акция аясында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, қарттар үйіндегі ақ жаулықты аналарымыз бен қарияларымыздың көңілін көтерді.
Марат Қырғызәліұлы қариялармен тілдесіп, мұңдарын тыңдап, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз дей келе, қазыналы қариялардың жүзіне күлкі сыйлау әр азаматтың парызы екендігін жеткізіп, қазіргі таңда жастардың бойына мейірімділік қасиетті барынша сіңіру масатындағы шараларды көбейту керек деп өз сөзін қорытындылады.
Шара соңында қарияларға аудан әкімі атынан арнайы азық-түлік себеттері табысталды.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.