Жаңадан келгендермен психодиагностикалық жұмыс жүргізілді

94

«ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығының 2-тармақшасына сәйкес, «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесіне айдауылмен Карантин бөліміне жаңадан келген сотталған азаматтардың жеке бас ерекшеліктерін зерделеу жұмысын жүргізу түзету мекемелерінде сотталғандармен тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыруды және олардың жеке тұлғалық, мінез-құлықтық ерекшеліктерін ескеру міндеттерін көздейді.

Сондай-ақ оның жеке басын психологиялық, әлеуметтік және мінез-құлық акцентуациясы толық зерделеу жұмыстары арнайы жеке тұлғаның ерекшеліктерін анықтау үшін мекеме психолог қызметкерлері диагностикалық әдістемелер (оның ішінде Люшердің түс тесті; интеллект пен эмоционалдық жағдайды бағалауға арналған құралдар тест Сонди;) аспектілері, жасырынып жатқан дүниесін ашуға мүмкіндік беретін «үй, ағаш, адам, бейнелерін салдыра отырып, сотталғанның психологиялық портретін жасауға, оның тәртіптік мінез-құлқын, оқуға деген ынтасын, еңбекке қатысуын, әлеуметтік адаптация деңгейін бағалауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тәрбие жұмысының тиімді стратегияларын анықтауға психологиялық тұрғыда негіз болады.

Зерделеу нәтижелері бойынша қорытынды түрде анықталған жеке бас ерекшеліктері сотталғанның жеке ісінде көрсетіліп, тәрбие жұмысының жоспарына енгізіледі.

М.Сейдуллаева,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті
№25 мекемесінің аға инспектор психологы, әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.