ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ШАБЫТҚА ТОЛЫ ШАРА

78

Жаңаарық ауылдық округі ауданымыздағы іргелі аймақ.
Көгеріштен көз тұнған жер. Өрісте малы өріп, бау-бақша да жайқалып тұр. Ақтоғайдың жаңға қуат беретін таза ауасы ерекше.
Елдің елдігі мен бірлігі, нәтижелі тірлігі үшін еңбек еткен, елдің ұйытқысы болған Бейсенов Құрменсейіт, Ахметов Асан, Айтбеков Әукен, Сембеков Досымбек, Еспенбетов Жөкен, Еспенбетов Жарылғап, Қасымов Қараман, Нұрсейітов Жолшыбек, Сайранбаев Ділдәбек, Мәдібек, Түсіпов Қордаш, Жақан, Майшораев Алтай, Орынбеков Исақ, Шегіров Несіпбай, Еңбек Ерлері ағайынды Салыбаев Тілеміс, Бектеміс, Әйнеков Алдаберген сияқты аталарымыз бастаған көшті жалғастырған
даңқты композитор, Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов, ғылым докторлары Төлеутай Несіпбаев, Мұқаш Жақыпбеков, Қосылған Күзембаев, Дуамбек Мұсабеков, математик-ғалым Мәжит Өтешов, бірінші секретарлар Ібіжанов Ақаш, Ұзақбай Сыздықбаев, Ерсейітов Рақыжан, ұстаздар Жөкенов Ақмолда, Жақыпбеков Бестібек, Дәуірбаев Шахыбала, Ақділдаев Жұмабай, Маманов Тілепберген, Смағұлов Әбсамат, Есенбаев Жақаш, Әділбеков Жұмашбек, ел ағалары Бозжігітов Жақсылық, Ақбаев Ақатай, Ынтымақов Жұмаділда, суретші Түсіпова Зейнеп, сазгер Тоғай Тұңғатов, даңқы боксшы Серік Өмірбеков, қазіргі таңдағы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек сияқты көптеген еліне сыйлы құрметті азаматтар, ел ағалары шыққан, бірқатары қызмет жасаған мекен.
Бұл аймақта жақсы істер жетерлік. Ауыл ажары жыл өткен сайын жақсарып келеді.
Биыл құрылғанына 95 жыл толып отырған ауданның мерейтойын жақсы жетістіктермен қарсы алмақ.
Өткен жұма күні Жаңаарық ауылдық округіне қарасты Ұ.Сыздықбайұлы ауылында ауданның 95 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан «Саялы өлкем-Сарысуым» атты мәдениет және өнер фестивалінің кезекті мерекелік концерттік бағдарламасы жалғасын тапты.
Ауыл өнерпаздары әуелете ән салып, мың бұрала би биледі.
Еңбек ардагерлері, ұлағатты ұстаздар Диханбай Ақділда, Қаспақов Зәуірбек ағайлар бастаған әншілердің өнері көпшіліктің көңілінен шықты.
Концерттік бағдарламаны аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық және ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев және мекеме, кәсіпорын басшылары, аудан ардагерлері ауыл тұрғындарымен бірге тамашалады.
Шара барысында спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Жаңаарықтағы шабытқа толы шара көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

САРЫСУ ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.