Жаңа жыл қарсаңындағы ала доп аламаны

55

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде сотталғандардың бос уақытын пайдалы өткізулеріне баса назар аударылады. Бос уақытта спортпен айналысу олардың денсаулықтарына ғана пайдалы емес, сонымен қатар қайтадан қылмысқа ұрынбауларына ықпал етеді.

Осы мақсатта Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Ала доп аламанына мекеме жасақтарынан құралған командалар қатысты.

Ойын нәтижесі бойынша жеңімпаз болған командалар мекеме басшылығы тарапынан марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.