ЖАҢА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

918
Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясы күні аудан орталығы Жаңатас қаласында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Мереке күні ашылған шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Осы айтулы мереке қарсаңында биыл құрылғанына 55 жыл толып отырған ауданымыздың орталығы Жаңатас қаласында тағы бір қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудандағы номер 46-шы, 48 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға беріліп отыр. Меншік иесі, жеке кәсіпкер Нұрбол Қайрулғалиұлы өз қаражатына жөндеген бұл тұрғын үй мемлекеттің қорынан сатып алынып, ел игілігіне берілуде. Бұл пәтерлер негізінен, әлеуметтік жағынан осал топтарға және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға табысталатын болады. Біз әрқашанда Сіздердің қуаныштарыңызға ортақпыз»‘ — деген аудан басшысы қоныс той иелерін қуаныштарымен құттықтады.
Бұдан кейін сөз сөйлеген аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек салтанатты шарада өз құттықтауын жеткізді.
Жаңа тұрғын үйдің лентасы салтанатты жағдайда кесілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.