“ЖӘМИЛӘ” ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

227

А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында “Жәмилә” қойылымының тұсауы кесілді. Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың повесі желісімен дайындалған қойылымның авторы және қоюшы-режиссері — қырғызстандық Нурбек Урматжанұлы.

Қойылым оқиғасында соғыстың ащы зардабын тартқан тылдағы ауыл халқының ауыр күйі, оның ішінде, өз ерік, бостандығы, жүрек қалауы жолында бүкіл қоғам қарсы бола тұра, ескі әдет-ғұрып, дәстүрдің тұтқыны болмай, өз өміріне өзі таңдау жасаған қайсар мінезді алғашқы шығыс әйелдерінің бірі, қасірет құшағындағы ауыл келіні Жәмиләнің бейкүнә да, ащы тағдыры баяндалған.

Премьераның алғашқы күнінде Жәмилә рөлін Қырғыз Республикасының «Ак Илбирс» ұлттық киносыйлығының иегері Мээрим Атантаева сомдады.

Тараздық театрсүйер қауым жаңа қойылымды ерекше толғаныспен қабылдап,  актерлік құрамға ыстық қошеметін білдірді.

Қойылым соңында облыс әкімінің “Ықылас гүлі” ұсынылды. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев қырғыз-қазақ арасындағы татулық үзілмесін деген ақжарма тілегін білдіріп, қойылым режиссеріне және ұжымға алғысын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.