Жамбылдықтар көгілдір отынның қызығына кенелуде

97

Жамбыл ауданы бойынша 42 елді мекеннің 38-і табиғи газ жүйесімен қамтылған. Сондай-ақ  Тоғызтарау, Жаңа Өткел, Құмсуат елді мекендерінің  ауыл ішілік газбен қамту үшін құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды.  Ал, осы 3 елді мекеннің магистралды газ құбырын тартудың ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Бұдан бөлек Сеңгірбай ауылына магистралды газ құбырын және ауыл ішілік газ құбыры құрылыс жобасының жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды.  Осы аталған 4 елді мекен табиғи газға қосылған жағдайда қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

 

Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.