Жамбылдықтар цифрлық телевизияға қосылды

987

Бүгіннен бастап Жамбыл облысында аналогтық антена арқылы телеарналар тарату тоқтатылып, аймақ толығымен цифрлық телевизияға көшті. Осыған орай облыстық Радиотелевизиялық станциясында аталмыш жүйені іске қосу рәсімі өтті. Жиынға облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли және «Жамбыл облыстық радиотелехабар тарату дирекциясы жөндеу және алдын алу қызметінің» басшысы Қадір Қосақбаев қатысты.

Қ. Қосақбаевтың айтуынша, аталмыш жүйеге көшуге аймақта 2 жыл көлемінде дайындық жүргізілген.

– Тараз қаласында аналогтық жүйе арқылы 10 арна көрсетілетін еді. Цифрлық телевизияға көшу арқылы бір анралардың сапасын және санын да арттырамыз. Бұдан бұлай қалада 26 арна таратылады. Оларды тамашалау үшін арнайы қабылдағыш құрылғы алу қажет. Оның бағасы қымбат емес, қол жетімді.

Ал, аталмыш құрылғыны алып үлгермегендер не болмаса қосылудың жолдарын түсінбегендер үшін 1 қаңтарға дейін «Хабар» арнасы аналогтық жүйеде көрсетіледі. Онда цифрлық телевизияға жауапты қазметтің байланыс телефондары көрсетілген жарнама таратылмақ. Сұрақтары туындаған азаматтар соған хабарласса болады, – дейді Қадір Мейірханұлы.

Жалпы, облыста цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу аясында 44 цифрлық таратқыштарды қосу арқылы 43 радиотелевизиялык станциялар салынып, жаңғыртылған. Бұл 377 елді мекенді қамтуға мүмкіндік береді, яғни облыс халқының 99 пайызы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.