Жамбылдық жастар Астананың 20 жылдығын ерекше атап өтті

516

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселері басқармасының «Волонтерлар мектебінің жұмысын үйлестіру, жүргізу және олардың әлеуетін кеңінен пайдалану бағытындағы шараларды үйлестіру» тақырыбындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы шеңберiнде «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай түрлі форматта іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Ерікті жастардың басын біріктіріп отырған ұйым Тараз қаласының орталық алаңында  «Астана – жаңаның жаршысы, Тәуелсіздігіміздің табысы» атты акция ұйымдастырды. Акция барысында тұрғындар көп шоғырланатын орындарда, саябақтар мен гүлзарларда қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, арнайы шығарылған жалаушаларды таратты.

«Достық» алаңында, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында және ҚР Тұңғыш Президенті саябағында қала тұрғындарына, балаларға арналған «I Love Astana» атты флеш-моб ұйымдастырылды. Кешкі уақытта өткізілген шара барысында серуендеп жүрген қала тұрғындарына құттықтау қағаздары таратылса. Бүлдіршіндерге шарларды сыйлыққа тартты.

«Мейірім үшін алғыс» акциясы аясында ерікті жастар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі еріктілерінен құралған «ЖГК құрамасы» тобы, Үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларынан құралған «SK group» тобы, мектеп оқушыларынан құралған «Оқушылар құрамасы», облыс пікірсайысшыларынан құралған «Еркін пікір» тобы және М.Х.Дулати атындағы ТарМУ кәсіподағы белсенділерінен құралған «Кәсіподақ жастары» тобы қатысып, өз бақтарын сынады.

Аталмыш акцияның шеңберінде Жамбыл ауданында дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел тенисі, асық ату жарыстары да өткізілді. Шараға барлығы 50-ден аса азамат қатысты.

Тартысқа толы өткен додада кәсіби спортшылар емес әуесқой жастар қатысып, барлығы бірдей деңгейде өнер көрсетті. Қызыққа қолы өткен жарыста жүлделі үшінші орынды «Кәсіподақ жастары» тобы иеленді. Жарыс барысында өздерінің ерік-жігерлерімен сапалы ойындарымен финалға дейін жеткен «Оқушылар құрамасы» жүлделі екінші орынды несие тұтты. Жарыстың нәтижесі бойынша ойын қожайындары «ЖГК құрамасы» жеңімпаз атанды.

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Астана КZ» атты тақырыпта «Open air» форматында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Тартысқа толы өткен жарысқа жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары қатысты. Пікірсайыс турнирі жастар арасында кеңінен танымал Америкалық парламенттік және Президенттік форматында  өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша төменде көрсетілген жастар жеңімпаз және жүлдегерлер анықталып, марапатталды.

Сонымен қатар Астана қаласының 20 жылдығына орай Тараз мемлекеттік педагогикалық «Ел жүрегі – Астана» атты брейн-ринг өткізілді. Жастар арасында кеңінен танылған интеллектуалды жарысқа қала студенттерінен құралған 4 топ қатысып, өз бақтарын сынады. Астана қаласы туралы сұрақтардан құралған 3 кезеңнің қорытындысы бойынша Жамбыл политехникалық колледжі студенттерінен құралған «Спарта» тобы жеңіске жетті.

Жоба аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай жастардың демалыс орнына айналған «Рим» коворкинг орталығында «Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары – Астана қаласы 20 жыл» атты семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар барысында «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының вице-Президенті Д.Өмірбеков жастарға ораторлық өнер, көшбасшылық қасиет өз бойынан дамыту бойынша жастарға түсіндіріп өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.