Жамбылдық шаруалар елордадағы жәрмеңкеге 300 тоннаға жуық өнім әкелді

140

Астана қаласында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Екі күнге жоспарланған (9-10 қыркүйек күндері) шарада түрлі өнімдер нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен өткерілуде.

Жәрмеңке Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы №50, Шабыт сарайының алаңында ұйымдастырылған. Мұнда Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданы және 2019 жылы бастау алған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында құрылған ауыл шаруашылығы тауар өндіруші кооперативтері мен өз кәсібін ашқан жеке кәсіпкерлер 168,6 млн. Теңгені құрайтын 298,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімін әкелген.

Атап айтқанда, 33 тонна ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой еті), 3,2 тонна тауық еті, 4,0 тонна шұжық өнімдері, 14,0 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 1,0 тонна кондитерлік өнімдер, 3,4 тонна макарон өнімдері, 10,0 тонна балық, 5,0 тонна бал, 208 тоннадан астам көкөніс-бақша және жеміс-жидек өнімдері бар.

Жәрмеңкеге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, тауарлардың түрлері және бағасын бақылады.

Жәрмеңке барысында жергілікті тұрғындар үшін ұйымдастырылған Жамбыл аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Еске сала кетейік, жәрмеңке 10 қыркүйек күні де жалғасады.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.