Жамбылдық педагогтерді қолдау шаралары жүйелі жүргізілуде

179
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізуге ерекше назар аударылады. Жамбыл облысы педагогтарының барлығы өз сабақтарында 30-дан астам инновациялық, заманауи педагогикалық технологияларды қолданады.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Досыбаева Айдын Орынбекқызы айтты. оның мәліметінше, өңір педагогтарының курсаралық кезінде кәсіби құзыреттілігін дамытудың тиімді моделін анықтап, тәжірибеге енгізу мақсатында өңірлік Педагогтар ассоциациясы жұмыс жасауда.
❗️ «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша зерттеулерді жинақтау, мұғалімдердің құзырлығын дамыту арқылы мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру, өңірлік тәжірибені республика көлемінде тарату жұмыстарын жүзеге асыратын өңірлік ассоциацияға 12907 педагог қамтылған. Ұстаздардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту өңірлік білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2012 жылдан бастап Республикалық «Үздік педагог» байқауында облысымыздың 38 педагогы жүлдегер атанды, оның 16-сы ауыл мектебінің мұғалімдері», — деді спикер.
©️©️©️
✅ Айдын Орынбекқызы білім беру саласында педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтарды анықтау мақсатында 2020 жылдан бері «Үздік педагогтарға сыйақы тағайындау» облыстық конкурсы өткізіліп келе жатқанын алға тартты. Конкурс нәтижесінде 2020 жылы – 5, 2021 жылы – 7, барлығы 12 педагог қызметкер 200 000 – 850 000 теңге мөлшерінде қаржылай сыйақы алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.