Жамбылдағы жүйелі жұмыстар жан жадыратады

96

қабылданды. Бұған қоса Тараз қаласында тозығы жеткен 5 үйді (40 пәтер) бекітілген Жол картаға сәйкес, 2025-2026 жылдары бұзу қарастырылуда. Оның орнына 45 пәтерлі 2 үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар облыстың елді мекендерін көркейту мақсатында жыл сайын көктемгі және күзгі екі айлық абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығы өткізілуде.
2023 жылғы көктемгі екі айлық қорытындысы бойынша облыста жалпы 32 742 дана тал ағаштар отырғызылса, 7 531,3 тонна күл-қоқыс орындары тазаланған. Сондай-ақ облыс бойынша ағымдағы жылы жалпы 42 көппәтерлі тұрғын үйдің аулаларына балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарлануда. Оның ішінде Тараз қаласында – 27, Қаратау қаласында – 5, Шу қаласын- да – 4, Жаңатас қаласында – 4, Мойынқұм ауданында 2 аула бар.
Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында облыста атқарылған оңды істердің бір парасы ғана. Алдымызда атқарылар жұмыс ауқымды, жоспар жұмыр. Бастысы, елді мекендердің тынысын кеңейту жолындағы ілкімді істер үздіксіз жалғаса бермек.

 

Жамбыл Тараз газеті

Leave A Reply

Your email address will not be published.